Жуырда БҚО білім беруді дамыту орталығы Жәңгір хан мектебінің 180 жылдығына орай мұғалімдер арасында «Ұлы тұлғаларды қанаттандырған алғашқы мектеп» атты облыстық эссе жазу байқауын ұйымдастырды.
Шығармашылықпен айналысатын,тұлғалық және кәсіби шеберлігін шыңдауды қолға алған мұғалімдерді қолдау, ынталандыру, алғашқы қазақ мектебінен қанаттанған тұлғалардың ғибратты ғұмырын ұлықтау мақсатында өткен байқауға Бәйтерек ауданына қарасты Дариян мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақтілек Нүритденова қатысты. Оның «Ұлы тұлғаларды қанаттандырған алғашқы мектеп» атты эссесі үздік бағаға ие болып, жүлделі І орынды иеленді.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz