Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Халықаралық би күніне орай Орал қаласында өткен «Биле, Ақжайық!» атты би ансамбльдерінің конкурсы аяқталды.
Өңіріміздің ең үздік би ұжымдары өнер көрсеткен сайыс офлайн форматта өтті. Би бәйгесінде бақ сынаған Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің үлгілі «Нұр-Ай» би ансамблі «Қазіргі заман билері» аталымында ІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар ансамбль жетекшісі Гүлмира Алканова Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың алғыс хатымен марапатталды.
Ансамбль жетекшісі Халықаралық би күніне орай ұйымдастырылған сайыс жоғары деңгейде өткенін айтады.
- Көптен бері офлайн би байқауларына шықпаған едік. Осы сайысқа қуана-қуана келдік. Бишілерім де өздерінің бар өнерін көрсете алды. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, - дейді «Нұр-Ай» би ансамблінің жетекшісі Г.Алканова.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress