4.11.2020, 15:51
Оқылды: 18

Бәйтеректік талапкер оқушылардың өлеңдері – «Ақ желкенде»

Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің «Тәрбие жұмысы орталығы» жанындағы «Ақындық әліппесі» үйірмесінің оқушыларының туындылары республикалық балалар мен жасөспірімдердің «Ақ желкен» журналында жарық көрді.

желкен

«Ақындық әліппесі» үйірмесіне Бәйтерек ауданы орталығындағы Қ.Аманжолов атындағы орта мектептің әдебиетке құштар, өлеңге әуес өрендері тартылған. Үйірме жұмысы бүгінгі таңда онлайн бағытында жүруде.

Үйірме жетекшісі Ертай Сағындықұлының айтуынша, болашақта оқушыларды республикалық мектеп оқушылары арасындағы ақындар айтысына қатыстыру жоспарды бар.

Айта кету керек, бұған дейін өрендердің жауқазын жырлары «Әдебиет» порталына орналастырлыған болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале