11.08.2021, 11:05
Оқылды: 25

Бәйтеректік теолог маман жастармен кездесті

Бәйтерек ауданы бойынша кез келген санаттағы жастар үшін ашық түрде қолжетімді кеңес беру мақсатында өтетін «LIVE DIOLOGUE» жобасы жалғасын табуда. Жоба шеңберіндегі кезекті тікелей эфирде Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Әсет Раманкулов аудан жастарымен «Жастық шақтың қадірі» тақырыбында әңгімелесті.

HiRes

Эфир барысында Әсет Исламбекұлы денсаулық, жастық жігер, биік мақсаттар төңірегінде сөз сөйледі.

- Құранда: «Ол Аллаһ, сендерді болымсыз күйден жаратты, сосын сол әлсіздіктен соң күш-қуат берді. Сосын әлсіздікпен  кәрілікте күш-қуатыңды қайта алды», - деген аят бар. Аятта Аллаһтың айтып отырған күш-қуаты – ол жастық, адамның қажыр-қайраты артып, ойының тұнық та сергек болған кезеңі. Осы кез адам өмірінінде күннің көтеріліп келе жатқан шуағы тәрізді. Ол таң сәресіндегі күннің сәулесі тәрізді, келешекке мақсат қойған, сол арманына жету үшін бойы шабытқа толы, адам ойлау сезімінің толықсыған кезеңі. Жастық ол адам өмірінің  шырқау шыңы, міне сол үшін де қиямет-күні адам өмірін қалай сүргендігі туралы сұрау болған кезде, ең әуелі сен жас күнінде не бітірдің  деген сауал міндетті түрде қойылады, - дейі теолог маман.

«LIVE DIOLOGUE» жобасы өңір жастарына кеңес беру мақсатында алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

«Ауыл тынысы»,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале