Бәйтерек ауданына қарасты Рубежка ауылының тұрғындары балаларға арнап сырғанақ тұрғызды. Оған үлкен-кіші рубежиндік ағайын бір кісідей жұмылды. Қолдарына күректері мен сырғанақ тұрғызуға қажетті басқа да құралдарын алып, сауапты істі аяғына жеткізді.
-Биылғы жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Еріктілер жылы болып жарияланғаны баршаға мәлім. Осыған сай ауыл тұрғындары да өз еріктерімен келіп, сырғанақ тұрғызуға барынша көмек көрсетті. Балалар - біздің болашағымыз. Олардың қуанышы – көптің қуанышы. Келесі кезекте коньки тебушілерге арнап шағын мұз айдынын жасаймыз, - дейді ауыл әкімі Манарбек Әжкенов.
Түгелбай Бисен
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің
Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер