Аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған «Бәйтерек таланттары» жастар театры өздерінің бір жылдығына орай Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» реквиемінен үзінді сахналамақ.

Халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблімен бірлесе ұйымдастырылғалы отырған қойылымның жабық көрсетілімі қазан айының екісіне жоспарланған.
Жастар театрының бас режиссері Әліби Жанәбіловтің айтуынша, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған қойылымның премьерасы 6-7 қазан күндері аудандық мәдениет үйінде өтеді екен.
Төтенше жағдайға байланысты карантин ережелерін сақтау мақсатында орын саны шектеулі болмақ.
Аружан Болатбекқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz