7.07.2021, 9:08
Оқылды: 8

Бәйтеректік журналистке партия алғысхаты табыс етілді

Елорда күні мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Ахметжанова «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын мерекемен құттықтады.

 IMG_4957

Сондай-ақ қоғамдық пікір қалыптастырушы ақпарат саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан газеттің жауапты хатшысы Николай Берендяевты «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаевтың алғысхатымен марапаттады.

Сонау 1999 жылы «Отан» партиясы құрылған кезде оның бастауында тұрған Николай Михаиловичтің партия ісіне қосқан үлесі аз емес. Содан бері тәжірибелі журналист мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуіне өзіндік үлесін қосып келеді. Оның қаламынан туындаған мақалалар мен ой-толғамдары көпшілік арасында үлкен талқыға түсіп, аудан азаматтарының қызығушылығын оятуда.

- Баршаңызды өткен төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Тілшілер – ұлт мүддесін биік қойған, мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір болып табылады. Осы ретте ауданымыздың өркендеуіне үлес қосып, оқырмандар қауымы үшін атқарып жатқан ерен еңбектеріңіз үшін партия атынан алғыс білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт тілеймін, - дейді Бибигүл Ахметжанова.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале