9.08.2024, 15:30
Оқылды: 109

Бәйтеректіктер Абай күнін атап өтті

Абай күніне орай Бәйтерек ауданы орталығында әсерлі кеш өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапхана мен «AMANAT» партиясының аудандық филиалы бірлесе ұйымдастырған шарада хакімнің өлеңдері оқылып, әндері шырқалып, зияткерлік сайыс болды.

4F790586-E7C7-45BD-B6C6-D340EA69340F

Кеш шымылдығы Абай жырларымен ашылды. Аудандық кітапхана жанынан құрылған «Абайтану» клубының мүшелері Кәусар Жәнібекқызы, Нұрайым Сақтай, Айлин Аманғазы қазақтың бас ақынының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал аудандық «Шежіре» фольклорлық-аспаптық ансамблінің жетекшісі Аслан Ғизатовтың орындауындағы «Торжорға» күйі, аудандық ОКЖ библиографы Фарида Азбантаеваның «Абай бабаға арнау», «Абайтану» клубының мүшесі Дариға Зейноллақызының «Оқы сен Абайды» және «Бабалар рухы» өлеңдері жиналғандарды бейжай қалдырған жоқ.

Диар Жанақов саксафон аспабында «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

9807B4C6-BC95-409B-9955-178600CFAC42

«Абай мұрасы – халық қазынасы» атты зияткерлік сайысқа екі команда қатысты. Рухани дода «Жүрегімнің түбіне терең бойла», «Әнді сүйсең, менше сүй», «Бетперде», «Сұрақ-жауап» деп аталатын төрт кезеңнен тұрды. Жарыс қорытындысы бойынша «Нұрлы ақыл» командасы «Талаптылардан» басым түсіп, жеңімпаз атанды.

– Абай күні ұлт руханиятының темірқазығы болған Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, нақыл сөздерін оқып, тәлім-тағылым алуымыз керек. Өздеріңіз білесіздер, «Кітап–Amanat» жобасы аясында былтыр ашылған мына залымыз түрлі рухани іс-шараларды ұйымдастыруға арналған. Сол себепті Абай күні алдағы уақытта да осында кең көлемде аталып өтілетін болады, - деді өз сөзінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бибігүл Ахметжанова.

A4631AB4-D021-4B03-89D6-2BF8889212C9

Кеш соңында ұйымдастырушылар ОКЖ библиографы Фарида Азбантаева сынды белсенді қатысушыларға және осындай іс-шаралардың сәні болып жүрген ақ жаулықты әжелерге алғыс айтты.

Салтанат Зұлқарнаева

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале