24.06.2021, 9:12
Оқылды: 57

Бәйтеректіктер шылымды алмаға ауыстырмақ

Бәйтерек аудандық ауруханасының психологі Юлия Яфарова аудан орталығындағы колледж ұстаздары, волонтерлар мен студенттер және аудандық аурухана жанынан құрылған "Жігер" жастар денсаулық орталығымен бірігіп, «Марафон здоровых привычек» атты іс-шара ұйымдастырды. Марафон

Марафон барысында студенттер мен еріктілер «Біз темекі шегуге қарсымыз»  ұранымен аудан орталығындағы қоғамдық орындарды аралап, ауыл тұрғындары мен қонақтарына темекі шегудің зияны туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тұрғындарға шылымды алмаға алмастыру туралы ұсыныстарын айтты. Көп адам жастардың бастамасына қолдау танытып, темекілерін алмаға ауыстырып жатты. Болашақта аталған акция тағы да өтетін болады.

Марафон1

- Никотинге тәуелділік – психологиялық сипаттағы проблема. Адамдардың көпшілігі шылым шеге отырып, стрестен құтыламын деп ойлайды. Күн сайын темекі шегетіндерге болашақта зиянды әдеттен айырылу қиынға соғады. Сондықтан біздің шарамыздың басты мақсаты – аудан тұрғындары арасында шылымқорлықтан саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастыру. Адам ағзасына шылымқорлықтың зиянды әсері туралы түсінік беру арқылы саналы ұрпақтың ержетуіне септігімізді тигізу, - дейді аудандық аурухананың психолог-дәрігері, «Жігер» жастар денсаулық орталығының басшысы Юлия Яфарова.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале