8.06.2022, 11:29
Оқылды: 185

Бәйтеректің атымтай жомарты

Таяуда ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында елордада патриоттар форумы өткені белгілі. Онда «Жыл патриоты» аталымдарының жеңімпаздары марапатталды. Олардың арасында жерлесіміз, «Бәйтерек ауданының құрметті азаматы», меценат Бейбіт Асанов та бар. Погадаев ауылында өз қаражатына мәдени-спорт кешенін салғаны үшін ол «Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы» аталымында үздік деп танылды.

a681d449-90fd-4b0f-9c02-b414397fbb2e

- Ауыл тағдыры оны бағалай білетін әр азаматты бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын. Ауылымның дамуына қолымнан келгенше үлесімді қосқым келеді. 2007 жылы ауылдың кіре берісіне шағын стадион салдық. Мұнда спорттың көптеген түрімен айналысу қиын екенін және лайсаң, қыс маусымдарында көпшілік оған бара алмайтынын көрген соң спорттық кешен салуды ойлап жүргем. Соның сәті 2020 жылы түсті. Енді ауылдағы балалардың, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға, спортпен шұғылдануға, ересектердің, егде адамдардың салауатты өмір салтын ұстануына барынша жағдай жасалған секілді. Бұл еңбегімді елеп, елорда төрінде алғыс айтып, «Жыл патриоты» деген аталым беріп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қолыма сағат тағып, сый-сияпат көрсетті. Көрсетіліп жатқан қолдау, құрмет үшін алғысымды айтамын, -дейді Бейбіт Батниязұлы.

97c10528-3811-4a43-a6e8-6dc15e8ae60b

Өсімдік шаруашылығымен айналысатын «Асан ауыл» ЖШС-на жетекшілік жасайтын кейіпкеріміз мәдени-спорттық кешенді салып беріп қана қоймай, қажет құрал-жабдықтарды толықтай алып берген. Тіпті кір жуғыш, тігін машиналарына дейін бар. LED-экран орнатылып, интернет тартылған. Бір сөзбен айтқанда, бұл жерде түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды, спорттық сайыстарды өткізуге барынша мүмкіндік жасалған. Ауылдың кез келген тұрғыны келіп, фитнеспен айналысуына, волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисін, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, тіпті домино, нардаға дейін ойнауына болады. Бәрі де тегін. Одан бөлек балалар үшін спорт, өнер бағытында түрлі үйірмелер жұмыс істейді.

8e5ab139-648c-4973-821b-20b8a29268b7

Сөздің шыны керек, 110 млн. теңгеге салынған осындай нысан шағын ауылдарды айтпағанда, кейбір аудан орталықтарында да жоқ. Сол себепті жергілікті халық та, атқарушы билік өкілдері де Бейбіт Асановқа дән риза. Мұны аудан әкімі Марат Тоқжановтың әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасынан да көруге болады. «Бейбіт Батырниязұлы - аудан экономикасының дамуына ауқымды үлес қосып отырған жан. Ол жергілікті тұрғындарға мал азығын арзан бағамен жеткізіп беріп отыр. Ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға да қосып жатқан үлесі көп. Оқушы тасымалы үшін мектепке, дәрігерлік аубулаторияға жаңа көлік сыйлап, Погадаев ауылына еңселі мәдени-спорт кешенін салуы елдің, ұрпақтың болашағын ойлаған азаматтығы деп білемін. Айналасына шапағатын шашып жүретін ағамыз Погадаев ауылына кіреберіс, ауылішілік жолдарды салуға жоба дайындап, өткен жылы ол жүзеге асты. Ауыл көшелерін жарықтандыруға қолдау білдірді. Биыл спорт кешенінің жанынан жазғы балалар спорт алаңын салуға да бастамашы болды, ол Халықаралық балалар күні мерекесінде ашылды. Өнегелі ісімен ел-халқының құрметіне бөленген жаннан үлгі алған өзге де кәсіп иелерінің ауылдарға жол салу, жарықтандыру, мұқтаж жандарға көмектесу секілді игі істерге белшеше кірісіп жатқаны қуантады», - деп жазды Марат Лұқпанұлы.

26f372e2-bf10-4da9-871a-7285203dc944

e32c622a-9ad5-4c78-bdde-2f4e013e7ff6

Ботагөз Серғазиева, Погодаев ауылының тұрғыны:

b17e8d7c-a4af-4f5a-abbc-3245363b2ac8

-Спортқа бұрыннан бейіммін. Жас кезімде баскетболды жақсы ойнадым. Есейе келе волейболға ден қойдық. Өзім педагогика саласында қызмет атқарған соң мұғалімдерден құралған команда сапындамын. Волейболды бұрын мектептің спорт залында ойнатынбыз. Кең, әрі ыңғайлы, қажет құрал-жабдықпен қамтылған мына спорт кешені ашылған соң, енді осында келеміз. Сондай-ақ волейболдан ауылымыздың құрамасын жасақтадық. Аптасына екі рет осында доп соғамыз. Бұрын аудандық сайыстарда көрсеткіштеріміз төмендеу болса, соңғы жылдары жүлдегерлер қатарынан көрінудеміз. Бұл жетістіктерімізді осы спорт кешенінің салынуымен байланыстырамыз.  Енді стритбол ойынын үйреніп жатырмыз. Тек волейбол ойнауға емес, қолымыз босағанда отбасымызбен, замандастарымызбен бірге мұндағы жаттығу залына тұрақты барамыз. Жүгіру, велотренажерлармен айналысу үшін егде жастағы ауылдастарымыз да келеді. Қазір жаз мезгілі болғасын көпшілік жұмыста, демалысқа кеткендер де бар. Ал күз, қыс айларында спорт кешеніне келетіндерің қарасы қалың болады. Бізге осындай мүмкіндік сыйлаған Бейбіт Асанов ағамызға ауылдастарымның атынан шын жүректен алғыс атамын.

Артур Хабибуллин, Қ.Ахмиров атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушы:

5b104584-97f6-4ea9-8fc2-3dd0ce0d21e3 (1)

- Бұрын, осы мәдени-спорт кешені салынғанша уақыт өтпейтін, кейде не істерімізді білмей жүретінбіз. Қазір қолымыз қалт еткенде осында келеміз. Бұл жерде доп ойнап, тренажерларда түрлі жаттығулар орындап жүргенде уақыттың қалай сырғып кеткен білмей қаламыз. Мәселен, біздің сыныптағы оқушылардың жартысынан астамы спорт кешеніндегі үйірмелерге қатысып жүр. Мен футбол және волейбол секцияларына барамын. Болашақта спортшы болғым келеді.

Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале