5.07.2025, 17:30
Оқылды: 111

Байжанов көшесіндегі дүбір

Байжанов көшесінде бой көтерген жаңа спорттық нысанның ашылуына орай, Ұлттық домбыра күні мен Астана күні мерекесі аясында Жымпиты ауылында шағын футболдан ауыл командалары арасында біріншілік ұйымдастырылды. Жарысқа 6 команда қатысып, ауыл тұрғындары тартысты кездесулердің куәсі болды.

PHOTO-2025-07-04-21-47-25

Жарыс қорытындысы бойынша І орын – Қарасу көшесі, ІІ орын – Абай көшесі, ІІІ орын – Сейфуллин көшесі, «Жеңіске деген жігері үшін» – Амангелді көшесі марапатталды.

Жекелеген номинациялар иегерлері "Үздік шабуылшы" – Валитов Эмиль, "Үздік ойыншы" – Қабделуап Олжас, "Үздік қақпашы" – Кенен Әділхан,"Үздік қорғаушы" – Жұмабек Мирнат атанды.

Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларға дипломдар, медальдар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

PHOTO-2025-07-04-21-47-23

Сонымен қатар, ерлер арасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында арқан тарту бойынша аудандық турнир өтті. Дәстүрлі сайысқа 11 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
І орын – Қособа ауылдық округі, ІІ орын – Сарой ауылдық округі, ІІІ орын – Жырақұдық ауылы, Жосалы ауылдық округі – «Жеңіс жолында жігер танытқаны үшін» алғысқа ие болды.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, медальдар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Бұл жарыс ауыл жастарының күш-қайратын шыңдап қана қоймай, жұмысшы мамандықтарының қадір-қасиетін арттыруға да жол ашты.

Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале