Әлеуметтік тұрғыда тұрмысы қолайсыз отбасылардың жай-күйі үздіксіз назарда. Осы бағытта Ақжайық ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мен арнайы құрылған мобильді топ жұмыс істеуде. Комиссия және топ мүшелері аталмыш санаттағы отбасылардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша рейдті жүйелі жүргізуде.
Рейд бойынша есепте тұрған жанұялардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі жасалып, отбасындағы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, жағдай жасау және оқыту бойынша ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Тап қазірге ауданда қолайсыз отбасы ретінде тіркелген 9 отбасында кәмелеттік жасқа толмаған 30 бала тәрбиеленуде. Осы тексерулердің де басты мақсаты – отбасыға дер кезінде қажетті қолдау көрсету, отбасы мүшелерін қоғамға қайта беймдеу.
А.Жолдыбаева,
аудан әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыстар
бөлімнің бас маманы,
Ақжайық ауданы