25.09.2023, 16:00
Оқылды: 51

Бала біздің айнамыз емес пе?

 Жәнібек аудандық мәдениет үйінде апта сайын кинолар және балаларға арналған түрлі қызық мультфильм көрсетіледі. Барлығы аудан тұрғындарының демалысы үшін. Бүлдіршіндер өзі құралпы қатарластарымен жүздесіп, бірге кино көруге барып жүрсе, ғажап емес пе? Бағасы да қолайлы. Көрсететін дүниесі де пайдалы. Бірақ соңғы жағдайдан кейін не айтарымызды білмей, тіл тістеп қалдық. Ата-аналарымен фильм көруге келген балалар мәдениет үйін қоқыс жәшігіне айналдырып кетіпті. Жарайды бала өзі келіп, осындай әрекет жасаса, білместік деуге болады. Ал үлкендердің сорақы ісін кешіруге бола ма? Ауыл тұрғыны Мейрамбек Шайдуллин:

49fbb158-2bf3-47d7-83eb-7bf08ef1f1b3

 - Демалысты пайдаланып, інімді мультфильм көруге апардым. Аудандық мәдениет үйінде кино көрсетілетінін естігеніммен, баруға уақыт бола бермейді. Айтайын дегенім, аудан тұрғындары арасында мәдениет қалыптаспаған. Жарық жанып, мултьфильм аяқталған соң бірден жан-жағым қоқысқа толып кетті. Кішкентай балалардың ішінде ата-аналарымен келгендері де бар. Бір өкініштісі, шашқан баласына түк деместен қоқысты аттап кете барды. Інімді жетектеп, шашылған тамақтарды, баклажкаларды жинауға көмектестім. Оны біздің аналарымыздай адамдар бүкшеңдеп жүріп тазалайды ғой, - дейді.

37724e0c-3f2a-4e1c-829a-41b389e476db

         Айтуынша, мұндай оқиға бірінші рет емес. Концертке келген жасы да, жасамысы да тамақ әкеліп, артынша жинамай, тайып тұрады.

         Бала біздің айнамыз емес пе? Біз қандай қылық жасасақ, олар дәл солай қайталап береді. Ұрпақтың саналы болып өсуі, елін сүюі үйдегі һәм мектептегі тәрбиеден басталады. Бұл әрекеттерге бей-жай қарай берсек, болашағымыз бұлыңғыр, келешегіміз күңгірт. Әдепті болайық балалар! Мәдениетті болайық, ата-аналар!

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале