Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері қатысты. Комиссияда бір ғана мәселе қаралды. Аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Испенбетова кәмелетке толмағандар арасында қайталама қылмысты болдырмау және жазғы маусымда кәмелет жасқа толмағандардың бос уақытын ұйымдастыру кезінде аз қамтылған, қиын, көп балалы отбасы балаларының жазғы лагерьлерде қамтылуы туралы айтты.
Бас маманның айтуынша, аудандық «Балдәурен» жазғы лагері жөндеуден өтіп, бүгін-ертең балаларды қабылдап бастайды.
Мектеп жанындағы лагерьлердің бірінші кезеңі аяқталған.
Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселеден тыс комиссия мүшелері түнгі уақытта көшеде, дәмханаларда жүретін кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер бойынша жұмыстанып, ата-аналарға ескерту, берілген жағдайда айыппұл салу жұмыстарын қолға алуды ұсынды. Сол сияқты автокөлік жүретін жолдың бойында ойнап жүрген бүлдіршіндердің ата-анасына да түсінік жұмыстарды күшейту керектігін жеткізді.
Сондай-ақ жазғы лагерьде демалатын балалардың (ата-ананың рұқсатымен) ұялы телефонын жинап қоюды, балалардың назарын танымдық демалысқа арнауы қажет екендігі бойынша ұсыныстарын айтты.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы