Теректі аудандық «Қазына» коворкинг орталығында «Әке-отбасы тірегі»тақырыбындағы аудандық әкелер кездесуі өтті. Кездесуге аудандағы екі мектептің әкелері қатысты.
Балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту, бала бойында тәртіп, жауапкершілікті қалыптастыруда әкелермен тәжірибе алмасу мақсатында болды.
Шара «Мен сізбен танысқаныма қуаныштымын» атты тренингімен басталды. Әркім өзін таныстырып, қасындағы жұбын таныстырды.
Кездесудің қонақтары Теректі аудандық қазынашылық басқармасының басшысы, белсенді әке Ұлан Сайтмұхаев, Теректі жаңалығы газетінің директор-редакторы, 5 баланы тәрбиелеп отырған жас әке Әділет Орынбасаров, көпбалалы әке , жеке кәсіпкер Сағыныш Алдибаев Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 3 баланың әкесі Нұрдәулет Жаңабаев болды.
Олар бала тәрбиесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдармандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жиын соңында қатысушыларға аудандық білім беру бөлімі атынан алғысхаттар табысталды.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz