15.10.2022, 13:36
Оқылды: 42

Балабақша шатыры жөнделеді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Бұлдырты ауылындағы "Айналайын" балабақшасының жұмысымен танысты. "Айналайын" балабақшасы мемлекеттік мекеме ретінде 2001 жылы жұмысын бастады. Қазіргі таңда барлығы үш ақылы топта 70 бала, шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде.

 IMG-20221014-WA0087

2021 жылы қосымша топ ашылып, кезектілік жойылды. Оқу - тәрбие үрдісін 13 педагог атқаруда. Балабақша соңғы жылдары кең, қос қабатты ғимаратқа көшті. Музыка залы, психолог, дефектолог мамандар үшін жеке бөлмелер жасақтауға мүмкіндік туды.

IMG-20221014-WA0085

Облыс әкімі саналы әрі салауатты ұрпақты тәрбиелейтін құтхананы аралап, балалардың бал сәттерін тамашалады. Әсіресе "Айналайын" балабақшасындағы төл жоба - асық бағдарламасына ерекше қызығушылық танытты. Кейін педагогтармен тілдесіп, балабақшаның мәселелерін сұрады. Мәселе сол - қабатты ғимараттың шатыры осалдық танытып, ішке су білініп тұр. Жөндеу жұмыстары 14 млн. теңгені құрайды. Өңір басшысы қаржы қарастырылатынын айтты.

IMG-20221014-WA0079

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz,

Суреттер: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале