Бұлан ауылдық округіндегі мектептің бөбекжай-балабақшасында 21 бала, шағын орталығында 14 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бүгінде балабақша фельдшерлік амбулатория пунктінің жылу қазандығы арқылы жылытылады. Ғимаратты дербес қазандыққа қосу – күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе.
Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Бұлан ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде нысанның жай – күйімен танысып, аудандық орталық аурухананың басшысы Роза Тахамбетовамен медицина мекемесінің қазандығын балабақшаға беру жөнінде ақылдасты. Себебі, балабақша жылыту маусымының тәртібімен емес, сәбилердің жағдайымен санасып, жылытылуы керек.
Аудан әкімі округ әкімі Мұрат Әділгереевке ғимаратқа ішкі әжетхана орнатып, кәріз жүйесіне қосу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.
Балабақша шатыры мен терезелерін жаңартуды қажет етіп тұрғанын да айта кету ләзім.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
Бұлан ауылы
zhaikpress.kz