27.01.2023, 15:00
Оқылды: 25

Балабақшалардың ұжымымен кездесті

Жәнібек ауданының басшысы Азамат Сафималиев «Балдәурен» және «Жәнібек» балабақшаларының ұжымымен кездесті. Басқосуда балабақша ұжымына атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

7,

Жиында «Балдәурен» балабақшасы ұжымы аталмыш балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу, жылыту қазандығын М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінен бөлек балабақшаның өз ғимаратына орнату, ғимараттағы су құбырлар жүйесін жаңғырту мәселелерін жазбаша түрде ұсынды.

6

«Балдәурен» балабақшасының техникалық қызметкері Людмила Герман аудан орталығындағы барлық көшелерді бірдей жарықтандыру керектігін айтса, «Жәнібек» балабақшасы директорының міндетін атқарушы Гүлмира Бекжанова аталмыш балабақшаның алдына қиыршық тас төсеп беруді өтінді.

8

Жиын соңында аудан басшысы қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлеріне жауап берді. Сонымен қатар ол қызметкерлерді жеке қабылдады.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале