2.06.2022, 19:09
Оқылды: 75

«Балалар күлкісі – әлемнің көркі»

Күйшілер саябағында 1 маусым - Халықаралық балаларды қоғау күніне арналған «Балалар күлкісі – әлемнің көркі» атты мерекелік концерт өтті.

IMG-20220602-WA0031

Өз кезегінде Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев:

– Барша адамзат үшін ең маңызды мереке – 1 маусым – балаларды қорғаудың халықаралық күні. Бұл – жадыраған жаздың алғашқы күніндегі ең көркем, ең мейірімді мейрам. Өйткені бұл күн сыңғырлаған сәби күлкісі мен балдырғандардың былдыры арқылы ерекшеленеді. Бұл мереке сонау 1949 жылдың қараша айында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. БҰҰ бұл бастаманы қызу қолдап, балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыты деп жариялады. Биылғы жыл «Балалар жылы» деп белгіленді. Балаларға барлық жағдайды жасау – басты мұратымыз. Бала – байлығымыз, ал ең асылы – оның тәрбиесі. Ал отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын ұясы. Бүгінгі мейрам құтты болсын! Балалар бақытты болсын, ата-аналары аман, шаңырақтары шат күлкі, берекеге толы болсын! Бала мен анасы бақытты ел – бақытты ел, – деп тілегін білдірді.

IMG-20220602-WA0032

Шара барысында жас өнерпаздар көрермендер назарына ән мен би ұсынды.

Мерейлі күн аясында, жастар ресурсттық орталығы мен «Нарын жастары» ҚБ бірігіп, бүлдіршіндерге балмұздақ таратты.

Балалар күніне арналған мерекелік бағдарлама кешкісін «Көңілді старт» спорттық шара, түрлі ойындармен жалғасын тапты.

Спорттық шаралар веложарыс, көңілді старт, асық ату, кедергілерден өту сайыстарына бөлініп өз жеңімпаздарын тапты.

IMG-20220602-WA0030

Спорттық шаралармен қатар сурет байқауы мен викториналық сұрақтар сайысы қолға алынды. Арнайы қыз балаларға арналған секіртпеден де кім мықтысы анықталды.

Мерекелік шара «Елдің сәні – ерке балғындар» атты би кешімен аяқталды.

Еркебұлан Бисенғалиев,

Бөкей ордасы ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале