Бүгін Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүгедектігі бар балаларға арналған «Біз – бақытты балдырған» атты мерекелік шара өтті.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар сөз сөйлеп барша балдырғанды мерекемен құттықтады.
Еліміздің ертеңі балғындардың жарқын болашағына бәрімізде жауапкершілікпен қарау керек екенімізді де атап өтті.
Шара барысында әлеуметтік сала мамандары бүлдіршіндерге арнап әсем ән шырқап, түрлі сергіту ойындарын ұйымдастырып, би биледі. Ертегі кейіпкерлері де балақайлардың көңіл-күйін көтеріп, жүздеріне күлкі үйірді.
Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әлеуметтік көмекті жәрдемақыны тағайындау және тұрғын үй көмегі бөлімінің бас маманы Дәурен Қуатұлы балғындарға құттықтау сөз арнап, түрлі сыйлық тарту етті.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz