Бәйтерек ауданы Переметный ауылында аудан әкімінің шыршасы өтті. Оған аудандағы 40 мектепте білім алып жүрген көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және жетім, қамқорлықсыз қалған оқушылар қатысты.
- Қадірлі балақайлар, сендерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Көңілдерің аппақ қардай пәк сендерге келер жыл тек жақсылық сыйласын. Жайнаған жүздеріңнен күлкі кетпей, балдай тәтті қылықтарыңмен қуантып жүре беріңдер. Қыран болып самғап, алысты көздеп, биікті бағындыратын үлкен азамат пен азаматша болыңдар. Ол үшін сабақтарыңды жақсы оқып, ұстаздарың мен ата-аналарыңды әрқашан тыңдау керек екенін ұмытпаңдар. Жаңа жылда бәріңе мол игілік пен жарқын болашақ тілеймін. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын, - деді мерекелік іс-шарада сөз алған аудан әкімі Марат Тоқжанов.
Аудан басшысы атынан аталмыш санаттағы 100 оқушыға спорттық костюм, аяқ киім (кроссовка), желетке сынды киімдер беріліп, түрлі тәттілер табысталды.
Оқушылар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып билеп, ән салып, тақпақ айтып, өзге де өнерлерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақар ұсынған сыйлықтарға ие болды.
Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz