30.05.2024, 17:30
Оқылды: 18

Балаларға сыйлық табыс етті

Бүгін Тасқала ауданының мектептен тыс жұмыс орталығында Халықаралық балалар күніне орай аудандық әлеуметтік бағдарламар және жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастырумен мүмкіндігі бар балаларға арналған мерекелік шара өтті.

балалар күні 4

Мерекелік шарада аудан әкімі Талғат Шакиров, аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Батима Махамбетқызы қатысты.

балалар күні 3

Шарада сөз алған аудан әкімі Талғат Асқарұлы өзінің жүрек жарды тілегін жеткізді.

- Балаларды қорғау күні құтты болсын! Біздің еліміздің болашағы сіздерсіздер. Жақсы жетістіктерден көрініп аудан халқын қуанта беріңіздер. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! Бақытты балалық шақ тілеймін. Жақсылықта кездесе берейік, - деді аудан әкімі Талғат Шакиров.

Аталған шараға келген аудан әкімі Талғат Шакиров балаларға арналған сыйлықтарын табыс етті.

Әдемі әндер шырқалып әр түрлі кейіпкер балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Назерке Шайхоллақызы,
Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале