Осыдан екі жыл бұрын ауданымызға қарасты Көктерек ауылдық округінің орталығында көктеректік кәсіпкерлердің бастамасымен 90 орындық «Балбөбек» жеке балабақшасы ашылған болатын.
Кәсіпкерлердің оң бастамалары округтегі балабақша тапшылығы мәселесінің оңтайлы шешілуіне септігін тигізді. Бүгінгі күні балабақшада балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, қызмет көрсету сапасы артуда.
«Балбөбек» балабақшасы Көктерек ауылыныңтұрғындары Аманжол Қойшекенов пен АсылКенжеғалиеваның тың бастамасы. Балаларға қолайлы орта қалыптастырып, сапалы білім беруді мақсат еткен кәсіпкерлер балабақша аумағын кеңейтіп, балалар ойын алаңын салған. Бұл жөнінде жеке кәсіпкер Аманжол Қойшекеновағамыз айтып берді.
- Біз еліміздегі білім беру стандартына сай халыққақызмет етіп келеміз. Біздің мақсатымыз - балабақшада баланың бойына тәрбие мен білімді ұштастырып, сіңіру. Балалар үшін ойын алаңыныңқұрылысын бастадық. Ол үшін арнайы аумақбелгілеп, құм төсеп, талапқа сәйкес ойын алаңынсалып жатырмыз. Алдағы уақытта бұл ойыналаңында балаларды бұқаралық, кәсіби спортқабаулу және алаң жанынан киіз үй тігіп, ұлттық құндылықтарымыз бен әдет-ғұрыптарымызды насихаттау жоспарымызда бар. Шыны керек, қазіргі уақытта баланың дамуы үшін ойыналаңдары қажет. Ол үшін қалаға бармай-ақ туғанауылымызда да тың жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Біздің балаларымызға да қаладағы атмосфераны сездіру өзіміздің қолымызда – деді жеке кәсіпкер Аманжол Қойшекенов.
Айта кетейік, «Балбөбек» балабақшасындағы ойын алаңына 1 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалып отыр.
Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz