Сырым ауданы, Алғабас ауылындағы 1974 жылы туған азаматтар ауылдағы күрес секциясының тәрбиеленушілеріне 15 дана күрес күртешесін сыйлады, - деп хабарлайды ауылдық округ әкімі Өркен Әменов.
М.Қаналиев атындағы мектепті бітіргендеріне 30 жыл толған азаматтардың күрес үйірмесіне көңіл бөлулері де тегін емес. Күрес – тәрбие мектебі. Рухты, мінезді жігіттер негізінен бозкілемнен өреді.
Осыған дейін Өлеңті ауылындағы 1993 жылы туған азаматтардың жас балуандарға дзюдо кимоноларын сыйлағанын жазған едік.
Аружан Сәрсенбек,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz