8.06.2021, 15:21
Оқылды: 0

Балғындарға күрес күртешесін сыйлады

Сырым ауданы, Алғабас ауылындағы 1974 жылы туған азаматтар ауылдағы күрес секциясының тәрбиеленушілеріне 15 дана күрес күртешесін сыйлады, - деп хабарлайды ауылдық округ әкімі Өркен Әменов.

 IMG-20210525-WA0119

М.Қаналиев атындағы мектепті бітіргендеріне 30 жыл толған азаматтардың күрес үйірмесіне көңіл бөлулері де тегін емес. Күрес – тәрбие мектебі.  Рухты, мінезді жігіттер негізінен бозкілемнен өреді.

Осыған дейін Өлеңті ауылындағы 1993 жылы туған азаматтардың жас балуандарға дзюдо кимоноларын сыйлағанын жазған едік.

 

Аружан Сәрсенбек,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале