12.09.2023, 17:00
Оқылды: 63

Барбастауда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Теректі ауданындағы ең үлкен ауылдық округ саналатын Подстепныйға қарасты Барбастау ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып, жергілікті тұрғындарға қуаныш сыйлады.

F7BF6B62-EE71-4012-AED8-0D11930E4213

Былтыр ғана ҚР Президенті Қ.Тоқаев білікті кадр даярлау ісі мен профилактикалық жұмыс күшейтіледі, ауыл медицинасы қалпына келтіріледі деген болатын. Осы сөздің тікелей дәлелі деп Барбастаудағы игі істі атап өтуге болады.

Фельдшерлік-акушерлік пункт ашылуына БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова, Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова, Теректі аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев және жергілікті тұрғындар қатысты.

79201B1F-6F7F-47B3-B02F-EE9984C9936A

Аталмыш нысанның бір ауысымда 13 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Мыңға жуық халқы бар Барбастау үшін медициналық пункт ауадай қажет-тұғын. Нысанның құрылысына және толықтай жабдықтармен қамтамасыз етілуіне 153 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалып, мердігер «Альтаир» ЖШС өз жұмысын сапалы жасаған.

Фельдшерлік-акушерлік пунктің ашылу салтанатында аудан басшысы Әлия Биғазықызы, облыстық деңсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мақсотқызы, Подстепный ауылдық округінің қоғамдық кеңес мүшесі Қымбат Қыдырбайқызы құттықтау сөз сөйледі.

67BBB373-DEBC-4C79-BD5F-40C46B4C5DFF

«Альтаир» ЖШС директоры Нұрлан Қуанғалиев су жаңа медициналық нысанның кілтін Теректі аудандық орталық ауруханасының директоры Дархан Хайрушевке салтанатты түрде ұсынды.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале