Басты жаңалықтар
15 келі 700 грамм: балықшылар Өлеңтіден алып шортан ұстады
29 Қараша 2023
15 келі 700 грамм: балықшылар Өлеңтіден алып шортан ұстады
Тәкең, Талғат Шайхиевті айтамыз - сахнаның сәні, жүрегінде мелодия ойнаған талант, Шайхиевтер отбасылық ансамблінің жетекшісі. Оның табиғатты сүйетінін, әуесқой балықшы екенін де білуші едік. Бірақ…
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
29 Қараша 2023
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды zhaikpress.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші…
Тайғақта құлаудың әдісі бар: төтеншелік лайфхактар ұсынады
29 Қараша 2023
Тайғақта құлаудың әдісі бар: төтеншелік лайфхактар ұсынады
Өткен аптадағы аласапыран боран мен қар адамның да, шұғыл қызметтердің де қысқа дайындығын тексеріп өтті. Алдын ала тұрғындарға хабарламалар келіп, төтенше жағдайлар, полиция қызметтері үйден…
Жетікөлдегі бастауыш мектеп неге жабылды?!
29 Қараша 2023
Жетікөлдегі бастауыш мектеп неге жабылды?!
Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айболат Нұрмұхановтың ел алдындағы есеп беру жиынына қатысты. Осыған дейінгі жиналыста халық ауылға таратылатын ауыз су…
Оралда мұғалім 6-сынып оқушысын ұрған: сотқа дейінгі тергеу басталды
29 Қараша 2023
Оралда мұғалім 6-сынып оқушысын ұрған: сотқа дейінгі тергеу басталды
27 қарашаның полиция қызметіне Орал қаласындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6-сынып оқушысын ұрғаны жөнінде хабарлама түскен. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің instagram парақшасында…
Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды
23 Қараша 2023

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды

12.09.2023, 17:00
Оқылды: 96

Барбастауда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Теректі ауданындағы ең үлкен ауылдық округ саналатын Подстепныйға қарасты Барбастау ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып, жергілікті тұрғындарға қуаныш сыйлады.

F7BF6B62-EE71-4012-AED8-0D11930E4213

Былтыр ғана ҚР Президенті Қ.Тоқаев білікті кадр даярлау ісі мен профилактикалық жұмыс күшейтіледі, ауыл медицинасы қалпына келтіріледі деген болатын. Осы сөздің тікелей дәлелі деп Барбастаудағы игі істі атап өтуге болады.

Фельдшерлік-акушерлік пункт ашылуына БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова, Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова, Теректі аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев және жергілікті тұрғындар қатысты.

79201B1F-6F7F-47B3-B02F-EE9984C9936A

Аталмыш нысанның бір ауысымда 13 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Мыңға жуық халқы бар Барбастау үшін медициналық пункт ауадай қажет-тұғын. Нысанның құрылысына және толықтай жабдықтармен қамтамасыз етілуіне 153 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалып, мердігер «Альтаир» ЖШС өз жұмысын сапалы жасаған.

Фельдшерлік-акушерлік пунктің ашылу салтанатында аудан басшысы Әлия Биғазықызы, облыстық деңсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мақсотқызы, Подстепный ауылдық округінің қоғамдық кеңес мүшесі Қымбат Қыдырбайқызы құттықтау сөз сөйледі.

67BBB373-DEBC-4C79-BD5F-40C46B4C5DFF

«Альтаир» ЖШС директоры Нұрлан Қуанғалиев су жаңа медициналық нысанның кілтін Теректі аудандық орталық ауруханасының директоры Дархан Хайрушевке салтанатты түрде ұсынды.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале