Қазақстанда 25 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды
25.09.2026, 12:00
Оқылды: 64

Маңғыстауда қаза тапқан үш батысқазақстандық әскери қызметшінің денесі Оралға жеткізілді

25 қыркүйек күні сағат 08:45-те Орал қаласының әуежайына Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан батысқазақстандық әскери қызметшілер Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денесі арнайы рейспен жеткізілді.
 d68826f6-c5d9-4aa5-ad26-04913553d334
Сурет: qazaqparat_kz
Қаза тапқан әскери қызметшілерді ақтық сапарға шығарып салу және жерлеу рәсімдері 26 қыркүйек күні өтеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасыларына жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл іске бизнес өкілдері де атсалысады. Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Аталған жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале