23.09.2026, 22:35
Оқылды: 55

Ақсайда ақындар дуэлі өтті

Ақсай қаласындағы «Ainala» мейрамханасының этно залында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақындар дуэлі» шығармашылық байқауы өтті. Шара жас дарындардың шығармашылық әлеуетін қолдап, өнерін шыңдау және мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.25
Кеш барысында ақындардың отты жырлары мен поэзиялық дуэліне, әсем ән мен күмбірлеген күйге кезек берілді.
Шығармашылық байқауға өңірімізге белгілі ақындар қатысты. Олар: Алтынтас Бураншеева мен Айгүл Шундыбаева, Өтепберген Қарасай мен Асылхан Қармысов, Заманбек Оразгельдиев пен Бекарыс Кәкім, Мейрамбек Сыдықов пен Ерқанат Бағдатұлы.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде ақындар өздері сүйіп оқитын белгілі ақындардың өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде қатысушылар өз шығармашылықтарынан өлеңдер ұсынды. Ал үшінші кезең ақындардың суырыпсалмалық және шығармашылық қабілетін сынауға арналды. Қатысушыларға үш сөзден беріліп, белгіленген уақыт ішінде сол сөздерді пайдалана отырып, өлең шығару тапсырылды.

WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.25 (1)

Ақындарға шығармашылық тапсырманы орындауға уақыт берілген сәтте өңірімізге белгілі ақындар Қайырбай Нұрханов, Дариға Нұрашова мен Талғат Мықи өз жырларынан шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кеш соңында аудандық демалу орталығы директорының міндетін атқарушы Арна Доспулаева байқауға қатысқан ақындарға алғысхаттар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.

 

Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы

WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.25 (2) WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.26 WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.26 (1) WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.26 (2) WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.26 (3) WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.26 (4) WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.27 WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.27 (1) WhatsApp Image 2026-09-24 at 09.06.27 (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале