23.09.2026, 23:00
Оқылды: 0

«Еңбек жолы» байқауында Қазталов ауданының өкілдері марапатталды

«Атамекен» өнер ордасында Еңбек күніне орай «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

image-23-09-26-07-34-3_edit_7338885892146

Байқауға Қазталов ауданынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Жақсыбаеваның жетекшілігімен бес қатысушы қатысты. Олар еңбек адамының кәсіби жетістігі, жас мамандардың қызметі және еңбек әулеттерінің өнегесін дәріптейтін бірнеше номинация бойынша бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша Қарасу ауылдық округінің тұрғыны Гүлнұр Қайратова «Жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша III орын иеленіп, 50 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Сонымен қатар ауданның төрт өкіліне түрлі номинациялар бойынша алғыс хат табысталды. Бірік ауылдық округінен Заманбек Максимов пен Бостандық ауылдық округінен Мырзабек Маратов «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша марапатталса, Қараөзен ауылдық округінің Төлегеновтар отбасы «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталса, Қараоба ауылдық округінің өкілі Айнагүл Хадешова «Жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

image-23-09-26-07-34-5

Айта кетейік, байқауға қатысушылар облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Жайна Қабиболла, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале