22.09.2026, 19:00
Оқылды: 2

Жалпақтал архив филиалы оқушыларға танымдық көрме ұйымдастырды

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ Жалпақтал филиалының ұжымы Жалпақтал ауылдық кітапханасында ашық есік күнін өткізді.

image-22-09-26-06-21-1

Көрмеге келген оқушыларға бұрынғы «Қараөзен» кеңшарының аға шопаны Мағзом Қисетов пен ұстаз Төлеген Сейткереевтің мадақтама грамоталары, мемлекеттік наградалары мен ескі фотолары көрсетіліп, толық мәлімет берілді.

​Жиында филиал директоры М. Карабалин сөз сөйлеп, архив саласының қоғамдағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ Ғ. Молдашев атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Зере Серікқалиқызы сұрақ қойып, Қараөзен мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Серік Жарылғасов пен кітапханашы Айнұр Бисекешева өз ойларын ортаға салды.

image-22-09-26-06-21-4

Шара соңында оқушыларға архив қорлары негізінде жарық көрген кітаптар мен өлке тарихы туралы кеңінен мағлұмат берілді.

image-22-09-26-06-21-3

Айгерім Жапақова,

"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві" КММ Жалпақтал филиалының архивисі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале