23.09.2026, 15:30
Оқылды: 8

Ақжайық ауданы орталығында балаларға арналған екі ойын алаңы ашылды

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында бүлдіршіндердің алаңсыз ойнап, шаттыққа бөленуіне мүмкіндік беретін қос ойын алаңы пайдалануға берілді. Бірі жаңадан салынған 3 қабатты үйлер ауласында, екіншісі Достық шағын ауданында орналасқан.

817217379_2881973038835358_5676178844998282396_n

Нысандардың ашылу салтанатына Чапаев ауылдық округінің  әкімі Бақтияр Карл, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаби Нәбиұлы, еңбек ардагерлері, ауыл тұрғындары және қуаныш иелері, балалар қатысты.

806687284_2881972952168700_8656583111253489977_n

– Балалар – біздің болашағымыз. Олардың өсіп-жетілуі, бақытты балалық шағы  мемлекетіміздің басты назарында. Бүгін пайдалануға берілген ойын алаңдары ауыл балаларының шат күлкісіне, қуанышына толы орынға айналсын. Әр отбасының бақыты  ұл-қызымыз аман болсын, – деді Бақтияр Асқарұлы өз құттықтау сөзінде.

817268968_2881972945502034_6109611320286196807_n

Ауыл ақсақалы Қаби Қадисов те ауылдастарға ізгі тілегін арнап, осындай жайлы алаңның ауыл балалары үшін маңызы зор екенін жеткізді. Қуанышқа жиналған ақ жаулықты әжелер шашу шашып, балаларды шаттандырды.

Бақтияр Асқарұлы мен Қаби Нәбиұлы лентаны қиып, жаңа алаңды ресми түрде ашты. Жаңа нысанның ашылу салтанатына орай балаларға түрлі тәттілер үлестірілді.

807284907_2881973122168683_7709078653340339073_n

Алаңның әрқайсысын салуға жергілікті бюджеттен 6 млн 245 мың теңге бөлінді. Мердігері – «Досмагамбетов» жеке кәсіпкерлігі.

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале