Қазақстанда 25 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды
25.09.2026, 11:00
Оқылды: 7

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға: Қаза тапқан сарбаздардың төртеуі батысқазақстандық болып шықты

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде ауа райының күрт өзгеруі салдарынан 17 әскери қызметші теңізге кеткен.

WhatsApp Image 2026-09-25 at 13.50.56

Оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты, үшеуі құтқарылды.

Қаза тапқан әскери қызметшілер арасында Батыс Қазақстан облысынан төрт сарбаз бар:

ҚР ҚҚ Әскери-теңіз күштерінің 24 қыркүйек күні оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан батысқазақстандықтардың тізімі

1. м/қ матрос Өмірбек Өмірзақ – Бөкей Ордасы ауданы, Ұялы ауылы
2. м/қ матрос Жеңіс Темірғалиев – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы
3. м/қ матрос Ақжайық Гиляж – Казталов ауданы, Қараоба ауылы
4. м/қ матрос Мансұр Ғұмаров – Ақжайық ауданы

Қаза тапқан сарбаздардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз. Қайғыларына ортақтасып, жақындарына сабыр тілейміз.

Әлеуметтік желілерде құтқарылған үш әскери қызметшінің біреуі Батыс Қазақстан облысынан екені туралы ақпарат тарауда. Алайда Қорғаныс министрлігі құтқарылған әскери қызметшілердің аты-жөнін әзірге ресми түрде жариялаған жоқ.

 

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале