Бәйтерек ауданының орталығында ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ардагерлер арасында спартакиада өтті.

Аға буын өкілдері арасында салауатты өмір салтын наисхаттау, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруды мақсат тұтқан жарыс жеті ауылдан келген ардагерлер бақ сынасты.
Сайыста переметныйлықтар мен көшімдіктер жақсы өнер көрсетті. Мәселен, бес асықтан Орынша Сағындықова мен шахматтан Асылбек Ишанов аудан орталығының намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал көшімдік Әсия Қамбарова (үстел теннисі) мен Надежда Бекешова дойбыдан қарсылас шақ келтірмеді. Сонымен қатар тоғызқұмалақтан Виктор Баландин (Атамекен), үстел теннисінен Жұмабек Баиров (Байқоныс), дойбыдан Ғалиасқар Мұхамбетов (Дариян) үздік болды.
Гүлжан Серікқызы,
Бәйтерек ауданы