20.11.2026, 10:00
Оқылды: 40

Ақжайықта стритболдан аудан біріншілігі өтті

Чапаевтағы «Жігер» спорт клубында стритболдан Ақжайық ауданының біріншілігі басталды. Жарысқа Тайпақ, Есенсай, Қабыршақты, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Мерген ауылдық округтерінен, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, төтенше жағдайлар бөлімі, №6 құтқару бөлімшесі, аудандық мешіт жамағатынан ерлер командасы қатысты.

baa2deb7-9018-45e7-85da-e94e30a9703e

Әйелдер арасында алты команда бақ сынады. Атап айтсақ, олар – әлеуметтік сала мамандары, аграрлық-техникалық колледжі, аудандық полиция бөлімінің қыз-келіншектерінен құралған командалар және  Тайпақ, Қабыршақты, Мерген ауылы және аудандық балалар және жасөспірімдер туризм орталығы командалары.

Біріншіліктің ашылуында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлбану Құлмұқанова мен жарыстың бас төрешісі, «Жігер» спорт клубының директоры Жаслан Күнбатыров спортшыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен кездесулердің нәтижесінде. Қыздар арасында аудандық балалар және жасөспірімдер туризм орталығының командасы І орынға ие болса, тайпақтықтар ІІ орынды, Қабыршақты командасы ІІІ орынды иеленді.

Ерлер арасында Көнекеткен командасы жеңімпаз атанып, І орынды қанжығасына байлады. Қабыршақты командасы ІІ орынға, «Жамағат» командасы ІІІ орынға тұрақтады.

59c960b7-aea0-416a-8e3f-d7c54fa8ccec

Спортшыларға жекелеген аталымдар да табысталды. Әйелдер арасында «Үздік ойыншы» аталымы Тайпақ командасының өкілі Меңдігүл Ақтаеваға, «Үздік шабуылшы» аталымы Қабыршақты командасынан Лайля Рысқалиеваға, ал «Үздік қорғаушы» аталымы аудандық балалар және жасөспірімдер туризм орталығының өкілі Оксана Евфримоваға берілді.

Ерлер арасында «Үздік қорғаушы» аталымын Бауыржан Ескендіров, «Үздік шабуылшы» аталымын «Жамағат» командасының ойыншысы Диас Ғазез, «Үздік ойыншы» аталымын Қабыршақты командасынан Жанас Жалелов иеленді.

Әлия Шарапиева,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале