23.11.2026, 12:00
Оқылды: 9

Жалпақталда ардагер волейболшылар бас қосты

Жалпақталда Бауыржан Қабдекеновтің мерейтойына орай ардагер волейболшылар арасында аудандық ашық турнир өтті. 

image-23-11-26-10-40

Спорт – адамды шыңдайтын, жігерді жанып, өмірге деген құлшынысты арттыратын өмір салты. Оның қадірін жылдар бойы спортпен біте қайнасып, еңбегін осы салаға арнаған жандар жақсы біледі. Осындай азаматтардың бірі – «ҚР Спорт ардагері» төсбелгісінің иегері, еңбек ардагері, спорт жанашыры Бауыржан Қабдекенов.

 21 қараша күні Жалпақтал спорт кешенінде Бауыржан Қабдекеновтің 70 жас мерейтойына арналған ардагер волейболшылар арасындағы аудандық ашық турнирі өтті. Спорттық шараға Бөкей Ордасы, Жаңақала аудандары мен Орал қаласынан келген командалар, сондай-ақ Жалпақтал ауылының ардагер волейболшылары қатысты.

 image-23-11-26-10-40-6

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ернар Ильясов, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков, Жалпақтал ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қадыролат Джубашев және спорт саласының ардагері, Жалпақтал волейбол федерациясының негізін қалаушы Самиғолла Ақмурзин қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Ернар Аққалиұлы жарыстың ашылу салтанатымен құттықтап, Бауыржан Қабдекеновке аудан әкімінің алғыс хатын табыс етіп, иығына шапан жапты. 

image-23-11-26-10-40-2

 Жиын барысында спорт саласындағы еңбегі еленген азаматтарға да құрмет көрсетілді. «Самбо күресінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Әлеуметтік саланың үздігі» төсбелгісінің иегері Самиғолла Сафиоллаұлы Ақмурзиннің спортты дамыту жолындағы еңбегі атап өтілді. Сонымен қатар Казталов аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол бөлімінің жаттықтырушысы Искалиев Тимур Бақтығалиұлы мен жас спортшыларға ерекше құрмет көрсетілді. Спорттағы жетістіктері мен жоғары нәтижелері үшін Бақман Ұлан, Берікұлы Мержан, Максутов Әділет және Елдосұлы Байсал Алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапатталды.

image-23-11-26-10-40-7

image-23-11-26-10-40-9

Аталған жас спортшылардың әрқайсысы өңір намысын түрлі деңгейдегі жарыстарда абыроймен қорғап жүрген дарынды өрендер. Бақман Ұлан мен Берікұлы Мержан – екі дүркін облыс чемпиондары, «Ауыл спорты» облыстық жарысының жүлдегерлері, Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегерлері. Ал Максутов Әділет – екі дүркін облыстық «Ауыл спорты» жарысының жеңімпазы, облыстық біріншіліктің жүлдегері, Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері. Елдосұлы Байсал да облыстық «Ауыл спорты» жарысының жеңімпазы, облыстық біріншіліктің жүлдегері әрі Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

image-23-11-26-10-40-5

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді. ІІІ орынды Орал қаласының «Динамо» командасы иеленсе, ІІ орын Жалпақтал командасына бұйырды. Ал І орын мен турнир жеңімпазы атағы Орал қаласының «Намыс» командасына бұйырды. Жүлдегер командалар өздерінің ұйымшылдығы мен ойын шеберлігін танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

 Турнирдің мәні тек жеңіс пен жүлдеде емес. Мұнда әр өңірдің ардагер спортшылары кездесіп, өзара тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынасты нығайтты. Волейбол алаңындағы әр ойын қатысушылардың спортқа деген құштарлығын, ширақ қимылы мен жеңіске деген жігерін айқындай түсті.

 

Әдемі Жасұланқызы

Казталов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале