ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев және ПД бастығының орынбасары Қадыржан Сағын Теректі ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандық полиция бөлімінің қызметімен танысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапар барысында департамент бастығы жеке құраммен таңғы таратылым өткізіп, қызметкерлердің сыртқы келбетін, қызметтік тәртібі мен күнделікті міндеттерді орындау дайындығын тексерді. Сонымен қатар 8 айдың қорытындысы бойынша жедел жұмыстың нәтижелері талқыланып, жауапты қызметкерлердің есептері тыңдалды.
Кеңесте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мал ұрлығының жолын кесу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық істерді тергеу және жедел жағдайға ден қою мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы аудандағы өзекті мәселер атап көрсетілді.
Жеке құрамға қызметтік міндеттерді сапалы орындау, профилактикалық жұмысты күшейту және тұрғындармен өзара байланысты арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Департамент бастығы әрі қарай қалған аудандардың жұмысын тексеруді жалғастырады.