26.02.2024, 16:45
Оқылды: 37

«Барлық қиындыққа қарамастан, жұмысымызды жақсы көреміз»

Бүгінде  электр қуатынсыз тірлік-тұрмысты елестету мүмкін емес. Бір-екі сағат электр қуаты болмаса, иесіз далада қалғандай күй кешеміз. Сондайда қыстың қақаған аязы, күзгі жаңбыр мен көктем лайсаңына қарамай қуат жеткізіп жүрген электриктерге алғыс айтамын.

электрик

Біздің ауылдағы электр желісінің үздіксіз қызметін «Шалқар 35\10 кВ қосалқы станциясы, Шалқар мастерлік учаскесі» ұжымы  қамтамасыз етеді.

Теректі ауданының Сарыөмір ауылында орналасқан учаскеде  алты электрик  қызмет атқарады. Басшысы Руслан Қазекенов – тәжірибелі маман. Аға буыннан тәлім алып, өндіріс озаты атанған азамат бүгінде  ұжымдағы қызметкерлердің ақылшысына, тәлімгеріне айналды.

Өзінің қызметі  жайлы Руслан Төлепұлы:

- Әр адам өзі үшін кәдімгі игілік болып саналатын жарық пен жылудың артында энергетиктердің орасан зор, ауыр және қауіпті жұмысы тұрғандығын білуі керек. Ауа райы құбылғанда, қар, бұршақта, нөсер жаңбырда және қатты жел соққан кезде де, күндіз де, түнде де жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ барлық қиындыққа қарамастан, жұмысымызды жақсы көреміз, - дейді.

Қыстың аяғына қарай  боран болып, аяздатты. Соның салдарынан желі  үзіліп, жарық сөніп, халық байланыссыз қалды. Осындай жағдайда іске  білек сыбана кіріскен сарыөмірлік электриктердің арқасында желі қалпына келді. Қай ауылда болмасын, электриктерге халықтың алғыстан  басқа айтары жоқ.

 

Аида Есенаманқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале