Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Табылғали Сапаров пен «Жайық Пресс» ақпараттық агенттігінің басшысы Нұрбек Оразаев Жаңақалаға арнайы іссапармен келіп, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті.
Аталмыш жиынға аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Басқосуда 2022 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша мерзімді баспасөзге жазылу науқаны басталғаны жөнінде мәселе қаралды. Жиында газет тиражын өсіру, газеттің ауқымдылығы сынды шаруалар сөз болды.
«Жаңарған өңір» ақпарат