19.02.2024, 18:00
Оқылды: 60

Бас есепші 60 жасқа толды

Мемлекеттік қызметке жиырма жылға жуық адал еңбек еткен Жәнібек ауданындағы Жәнібек ауылы әкімдігінің бас есепшісі Сәуле Жақсығұлова мерейлі алпыс жасқа толған болатын.

427993418_946539910809017_8671099354411625886_n

Ол өзінің саналы ғұмырын елге қызмет етуге арнап, күрделі мамандықты арқалады. Күрделі мамандық дегеніміз - есепші. Мұқияттылықты қажет ететін қаржы саласына білікті жанның ауданымыздың дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз деуге болады. Біздер оны байқамай бермеуіміз мүмкін. Өйткені бір бөлменің ішінде отырып-ақ жүздеген шаруаны тындыратын маман мақтануға ұмтылмайды. Керісінше біз сізбен мақтанамыз, Сәуле апа!

Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов мерейтой иесін құттықтап, алғысын білдірді. Жастардың арасында зымыраған уақыттың талабын ескеріп, ісіне жауапкершілікпен қарайтын сіздей маманның ортамызда жүргені бізге талпыныс береді. Қарапайым қасиетімен ұжымға сыйлы жанға Жақсылық Каримоллаұлы алғысхат табыстаса, әріптестері аппақ тілектерін арнады.

Ақтілек Әлібек,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале