18.11.2019, 18:22
Оқылды: 32

Бас имам – Бөрлі ауданында

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев Бөрлі ауданының Ақсай қалалық мешітіне келді.

din islam (3)

Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Е.Ихсановпен кездесіп, ел аумағындағы діни ахуал жайында әңгіме өрбіді.

Мұратбек Қыстаубаев Ақсай қалалық мешітінің жамағатымен жүздесіп, мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтитын «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын түсіндірді. «Салиқалы әйелдің сипаты» тақырыбында уағыз айтты.

din islam (8)

-Халқымыз «Отан – отбасынан басталады» деген. Кез келген қоғамның маңызды институттарының бірі – отбасы. Ал отбасы мен қоғамның тұрағы – әйел. Баланың иманды, ер-жігіттің ұстамды болуына әйелдің әсері өте көп. Ертең елді басқаратын, халықты жақсылыққа бастап, имандылыққа ұйытатын тұлғалардың өмірге келуіне әйелдер үлкен себепкер болады. Ал Абдуллаһ ибн Амр әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте былай делінген: «Алла Елшісі: «Бұл дүние уақытша берілген. Ондағы нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел». Әйел салиқалы болса, отбасы түзеледі. Отбасы түзелсе, ел түзеледі. Ел түзелсе, имандылық, ізгілік, қайырымдылық, жанашырлық, адамгершілік секілді құндылықтар салтанат құрады. Имандылық салтанат құрған қоғамның берекесі мен бірлігі, жақсылығы артады. Жақсылығы артқан ел бақытты өмір сүреді. Алла Тағала баршамызға бақытты өмір сүруді нәсіп етсін! - деп сөзін аяқтады Мұратбек Қыстаубаев.

Бас имам ауыл ақсақалдарымен кездесіп, Бөрлі ауылдық мешітінің де жай-күйімен танысты.

Үміт Жәңгірова

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале