5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы С.Дүйсеновтың алғысхаты бірқатар сала мамандарына табысталды.
- 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай өңірімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту бағытында облыстық түрлі шараларға қатысып, қолдау білдіріп, қоғам алдында азаматтық белсенділік танытқаны үшін, - делінген алғысхатта.
Аталған алғысхатты “AMANAT” партиясының Сырым аудандық филиалының консультанты Мира Мұхамбедиеваға, А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің іс жүргізушісі Ақтолқын Қаленоваға, “Сырым елі” қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Айжан Амангелдинаға Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов табыстап, жылы лебізін білдірді.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz