6.03.2024, 15:30
Оқылды: 63

Баспасөз саласының ардагеріне құрмет көрсетті

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев  8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай БАҚ саласының ардагері Ботагөз Нұғманова құттықтап, шаңырағына арнайы барды.

266fd226-08dd-42a2-b430-3239fa9181c1

Қайрат Нұржанұлы Ботагөз Хайрушқызына саналы ғұмырында атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп,  еңбек адамдарына құрметі ерекше екенін айтып, мерекемен құттықтады. Аудан әкімінің алғысхаты мен естелік сыйлық табыс етті.

Айта кетейік, Ботагөз Нұғманова аудандағы бірегей БАҚ саласы династиясының отанасы,  өмірінің 31 жылын баспасөз қызметіне арнады.

c3239173-7645-4592-a283-938eba9ec32e

1976-1998 жылдары типографияда линотипистші, кейін аудандық газеттің редакциясында 2005-2014 жылдары корректор болып еңбек етіп, зейнетке шықты.

d0bb00e4-f797-46cb-ad1d-af7f08b64b74

1981-1985 жылдары аудандық мәслихат депутаты болып,  өзіне аманат болып артылған баспа үйін салдыруға үлес қосты.

Бүгінде ол ғимаратта Сырым колледжі орналасқан.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале