28.12.2022, 15:31
Оқылды: 1

Баспасөзге қолдау

 

Бүгін баспасөзге жазылу науқанының соңғы күні екеніне қарамастан жазылу науқаны қызу жүргізілуде. Солардың бірі, кәсіпкер ТОО GA FIELD SOLUTIONS директоры Игильманов Марат Халимуллиевич "Казпочта" АҚ-нан Орал қаласында тұратын бөрлілік ардагерлерге 1 жылға 39 дана «Бөрлі жаршысы» газетін, жалпы құны 262 мың 197 теңге жаздырып, демеушілік көмек көрсетті.

11

Сонымен бірге, жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Дариға Нұрашоваға Қазақстан Жазушылар Одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұсынысы бойынша «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Ана тілі» газеттерін өз қаражатына жаздырды.

Аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетіне желтоқсан айының 30 күніне дейін газет редакциясы арқылы да жаздыруға болатынын да қатерлеріңізге саламыз.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале