17.10.2023, 22:10
Оқылды: 33

Басты мәселе – сайлау 

Бүгін Бөкей ордасы ауданы орталығында сайлау барысын пысықтаған жиын өтті. Аудан бойынша сайлау комиссияларының барлық мүшелерінің басын қосқан бұл жиынға​ ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шафхат Өтемісов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы​ Ғайса Қапақов, Асланбек Ғұбашев қатысты.

IMG-20231017-WA0151

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Біржан Меңешев аудан бойынша сайлауға дайындық барысын баяндады. Баяндамашының айтуынша, ауданға қарасты жеті округте 15440 тұрғын бар, "Интегро" базасы арқылы тізім жасалып, сайлау құқығына ие 9141 адам қамтылған. Бұл халықтың 63,3%-ын құрайды. Дауыс берушілер саны жөнінен N60 Орда учаскесі көш бастаса, сайлаушылар саны ең азы - N70 Тереңқұдық сайлау учаскесі екен. Аудан бойынша 22 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. Сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жасақталыпты.

IMG-20231017-WA0155

Аудан прокуроры Қанәбіл Төремұратов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Бақберген Молдағалиев сайлауға қатысты заңбұзушылықтар мен олардың алдын алу тәртібімен таныстырып шықты. Ал аудандық әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Дәурен Дәуленов мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға жасалатын жағдайлар туралы баяндады.

IMG-20231017-WA0162

Облыстық сайлау учаскесінің төрағасы Ғайса Қапақов сайлау кезінде туындайтын жағдаяттарды мысалға келтіре отырып, комиссия мүшелерінің сайлау туралы ереже-заңды білулеріне талап етті.

IMG-20231017-WA0148

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шафхат Өтемісов сайлау комиссиясы мүшелерінің саяси сауаттылығы, жауапкершілігі жөнінде сөз алып, сайлау туралы заң талаптарын бұзылған жағдайда комиссия мүшелерінің жазасыз қалмайтынын айтты. Жай айтпады, өткен сайлау нәтижелерін тілге тиек етіп, нақты дәлелдермен айтты.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале