Бөкей ордасы ауданында Шығыстың шынары, Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың туған күніне орай жиын өтті.
Жиналған қауым батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, үнсіздікпен еске алды.
- Ел басына күн туғанда ер-азаматтармен қатар қолына қару алып, қан майданда ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Жиырмадан аспай жер жастанды. Біздің бүгінгі бейбіт күніміз үшін қыршын кеткен ерлер мәңгі есімізде. Ерліктері елге ұран. Біздің міндетіміз батырлар ерлігін дәріптеп, бейбіт күннің бағасын білу, - деді аудан әкімі Нұрлыбек Даумов.
Раушан Бақытова,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz