25.05.2023, 16:01
Оқылды: 11

Батырды еске алу турнирі

Ел тарихында «қасіретті қаңтар» атауымен қалатын былтырғы жылдың қайғылы күндері көптеген жанның қабырғасын қайыстырды. Лаңкестерге қарсы күресте халқының тыныштығы үшін күрескен жерлесіміз, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Сәндібек Қайыров ерлікпен қаза тапты. Оның құрметіне аудан орталығында еркін күрестен жасөспірімдер ұлдар және қыздар арасында батырды еске алуға арналған республикалық ашық турнир ұйымдастырылды.

2

Ресей Федерациясының Чувашия, Мардовия, Татарстан, Удмурт, Дағыстан, Шешен республикаларынан және Ульяновск қаласы, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен және өзіміздің аудан палуандары қатысты.

Сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ердос Үмітов, жарыстың бас демеушісі, облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Мадияр Құрманғалиев, Сәндібек Қайыровтың ата-анасы Ғалимолла мен Жұмағаным Қайыровтар және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Райымбек Таубаев қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ осында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Марат Ығылманов Қазақстан Республикасының спорт қайраткері Индер ауданының құрметті азаматы Мәлік Бигембаевтің зейнетке шығуына байланысты иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Сонымен жоғары деңгейде өткен сайыстың қорытындысында 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында Ерасыл Тажиден (Ақтау қаласы, 30 келі), Ержігіт Қайырман (Ақжайық ауданы, 33 келі), Иса Рзаев (Ақтау қаласы, 36 келі), Әділет Нұрмұханбетов (Қостанай облысы, 40 келі),  2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында Арлан Нұраш (Бөрлі ауданы, 20 келі), Мейрамбек Алдамжар (Маңғыстау облысы, 23 келі), Ерқанат Ақмырза (Арал қаласы, 26 келі), Исмайл Самиғоллаев (Атырау облысы, 29 келі), Уалихан Серіков (Маңғыстау облысы, 32 келі), Бекарыс Ихсан (Орал қаласы, 35 келі), 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында  Нұрберген Амангелдіұлы (Индер ауданы, 38 келі), Нұрым Әнуар (Маңғыстау облысы, 41 келі), Мұхамедәли Сайын (Жаңаөзен қаласы, 44 келі), Салих Нұрланұлы (Жаңаөзен қаласы, 48 келі), Илияс Гарифулла (РФ, Татарстан республикасы, 52 келі), Ислам Сатиев (Орал қаласы,  68 келі), 2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Нұраш Қоныс (Сырым ауданы, 71 келі), 2012-2014 жылы туған жасөспірім қыздар арасында Рахат Бектемірова (Ақтау қаласы, 26 келі), Айдана Табылдиева (Индер ауданы, 29 келі), Әсем Мустафа (Орал қаласы, 33 келі), Шахнияз Құспан (Ақжайық ауданы, 37 келі), Арайлым Оңғарбай (Ақтау қаласы, 40 келі), Назым Оралбай (Ақжайық ауданы, 43 келі) жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале