Оқиға 12 наурыз күні орын алған. Осы күні кешкісін БҚО, Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылынан Ақсай қаласына трактормен жолға шыққан екі азамат із-түзсіз жоғалып кеткен.
Сурет: ainews.kz
Кеше түнгі 11-де төтенше жағдай қызметі оларды іздеуге кіріскен. Мамандар КПО компаниясының жол талғамайтын жүрдек көлігімен шыққан. Бірақ қызыл судан өте алмай түнгі 3-те іздеуді тоқтатқан. Бүгін 39 жастағы азаматтың денесі судан табылды. Екіншісі аман.
zhaikpress.kz