Ақмола облысында шаңғы туризмі техникасынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Еліміздің он облысынан 20 команда, жалпы саны 120-дан аса спортшы қатысты. БҚО құрама командасынан балалар, жасөспірімдер және ересектер тобы қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша «Техникалық» қашықтығынан балалар тобы І орын, жасөспірімдер тобы І орын, ересектер тобы ІІІ орыннан көрінді. «Жеке» қашықтығынан балалар тобы бойынша ұлдар арасында Алпамыс Дильнур ІІ орынға тұрақтаса, жасөспірімдер тобы бойынша ұлдар арасында Жәңгірханұлы Әмірхан ІІ орынды иемденді.
Жалпыкомандалық есеп бойынша балалар тобы мен жасөспірімдер тобы І орынға ие болып, жарыстың жеңімпаздары атанды.
Жеңімпаз атанған жас спортшылардың жетекшісі Қаратөбе балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастырушы педагогы - Мұхтархан Жұмағалиев.
Серікбай Жәлелұлы,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz