11.03.2026, 21:00
Оқылды: 2

Бейбарыс батырға алғыс айтты

Өткен айдың он алтыншы жұлдызында Аралтөбе ауылында болған тоғыз жасар баланың ерлігі есімізде шығар.
Екі інісін арқалап, тілсіз жаудың лебінен алып шыққан Бейбарысты бүгін Сырым ауданы әкімшілігі қабылдады.
PHOTO-2026-03-11-17-18-22
Қабылдауға Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Елдос Батталов қатысып, департамент басшылығының атынан көрсеткен қайсарлығы мен ерлігі үшін арнайы алғысхат пен сыйлығын табыс етті.
PHOTO-2026-03-11-17-18-21
Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов бала батырдың табан астында саспай жасаған дұрыс шешіміне ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың алғысхатын жеткізді.
PHOTO-2026-03-11-17-18-20
Жиында Бейбарыстың ата-анасына алдағы уақытта төтеннен төнген қатердің шығындарын реттеу жұмыстары округ әкімімен бірлесе атқарылатыны айтылды.
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале